Қазақстан құрамасының шабуылшысы биылғы әлем чемпионатын қорытындылады – хоккей

Қазақстан құрамасы мен «Ак Барстың» шабуылшысы Кирилл Панюков өзінің Instagram парақшасында ұлттық құраманың Финляндияда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатындағы өнері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлем чемпионаты аяқталды. Иә, бәрі қалағанымыздай болған жоқ. Бірақ біз элиталық дивизиондағы орынды сақтап қалып, келесі жылы бұдан да мықтырақ болып оралу үшін баға жетпес тәжірибе жинадық. Отбасыма және жанкүйерлерге қолдаулары мен сенімдері үшін алғыс айтқым келеді. Хельсинкидегі трибунада жанкүйерлерімізді тыңдау және көру екі есе жағымды болды, бұл ұмытылмайды және жағымды естелік болып қалады», – деп жазды спортшы Инстраграм парақшасында.