Финляндия хоккейден әлем чемпионы атанды

Финляндия құрамасының хоккейшілері өз елінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финляндия финалда Канада құрамасын жеңді. Тамперде өткен кездесуде айдын иелері овертаймда 4:3 есебімен жеңді. 

Жеңімпаздар сапында Микаэль Гранлунд дубль жасады, Йоэль Армиа бір шайба соқты. Канадалықтар құрамында Дилан Козенс, Зак Уайтклауд мен Макс Комтуа көзге түсті. Овертаймда Сакари Маннинен жеңіс голын соғып, Финляндия әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Финляндия құрамасы тарихында төртінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп отыр.