Үстел теннисінен Азия чемпионатына іріктеу өтеді

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Орталық Азия бойынша Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған бәсеке 2-3 маусым күндеріне жоспарланған. Іріктеу додасына Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамаларынан спортшылар қатысады. 

Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Сарвиноз Миркадирова, Ангелина Романовская, Анель Бақыт және Алиса Цвигун Қазақстан намысын қорғайды.

 

Жарыс кестесі келесідей: 

2 маусым 

09:00 - 19:00: Командалық санат бойынша іріктеу кезеңі;

 

3 маусым 

09:30 - 13:30: Командалық санат бойынша  жартылай финалдық және финалдық кездесулер; 

14:00 - 18:00: Жекелей санат бойынша іріктеу кезеңі (ұлдар, қыздар); 

18:00 - 19:30: Жекелей санат бойынша финал (ұлдар, қыздар).