Ролан Гаррос: Надаль Джоковичті жеңді

Ролан Гаррос: Надаль Джоковичті жеңді

4 сағатқа созылған кездесу. Францияда теннистен жылдың басты бәсекесі Ролан Гаррос турнирі жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні ширек финалдық кездсулер өтті. Ең тарысты матч сербиялық Новак Джокович пен испанялық Рафаэль Надаль арасында болды.

Айта кету керек, екеуі де әлемдік рейтингтік алдыңғы бестігінде және Ролан Гаррос аясында өзара осымен оныншы рет жолығып тұр. Қос мықты арасындағы айқас 4 сағат 14 минутқа созылды және нәтижесінде испаниялық спортшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 6:2, 4:6, 6:2 және 7:6. Енді Надаль жартылай финалда германиялық Александр Зверевпен кездседі. Ал қазақстандық теннисшілер алғашқы айналымдардан аса алмады.

Елена Рыбакина үшінші, ал Юлия Путинцева мен Александр Бублик екінші кезеңде жарыс жолынан шығып қалды. Соған қарамастан жерлестер қомақты сыйақы алады. Оның жалпы көлемі 422 мың еуроны құрайды. Жарыстың жалпы қортындысы 5 маусымда белгілі болады.