Финалиссима: Аргентина турнир жеңімпазы атанды

Күні кеше футболдан Финалиссима бәсекесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кәрі құрлық пен Оңтүстік Америка чемпиондары арасындағы матч. Негізі ойын жолдастық кездесу ретінде ұйымдастырылады. Бірақ соған қарамастан бүкіл әлем жанкүйерлері оған көз тігіп, үлкен қызығушылық танытып жатыр.

Шешуші матч Лондондағы «Уэмбли» стандионында болды және оның аясында Аргентина мен Италия құрамалары жолыққан. Матч 3:0 есебмен аяқталды. Аргентина сапынан Лаутаро Мартинес, Анхель Ди Мария және Пауло Дибала гол соқты.

Айта кету керек, соңғы голдың соғылуына Лионель Мессидің шеберлігі көмектесті. Осының арқасында аргентиналық шабуылшы өз кәсіпқой мансабндағы 40-кубогын жеңіп алды және осы көрсеткіш бойынша «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Андрес Иньестадан асып түсті. Кейінгісінде 39 бас жүлде бар. Дәл осындай форматтағы жарысты енді тұрақты өткізіп, 2028 жылға дейін жалғастыру жоспарланып отыр.