Қазақстан - Әзербайжан матчы: қосымша автобустар жүреді

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Әзербайжан командасымен кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. 

«Матч аяқталғаннан кейін жүретін қосымша бағыттар күшейтіледі. Сондай-ақ «Астана Арена» тұрағында және Қабанбай батыр даңғылындағы автобус аялдамаларында жанкүйерлерді тарату үшін автобустар ұйымдастырылады (төлем 90 тг тарифі бойынша қолма-қол ақшасыз жасалады)» делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.