Таразда паратаеквондодан ел біріншілігі басталды

Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасында паратаеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясы csp-parasport.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Чемпионат маусым айының 3-4-і аралығында өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 37 спортшы қатысуда.

«Жыл сайын спортшылардың біліктілі мен деңгейі артып келеді. Осы жарыстардың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар Азия чемпионатына жолдама алады. Спортшылардың дайындығын жоғары бағалаймын», – деді паратаеквондодан команда басшысы Мерей Биғарин.

Айта кетсек, бірінші рет Қазақстан чемпионаты «DAEDO» электронды төрешілік жүйесі бойынша өтеді. Электронды жүйе нақты жарыс нәтижесін анықтау мақсатында қолданылады. Жүйе соққының күші мен дәлдігін көрсетеді.

Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын жүйе ең алғаш рет 2008 жылы Кореяда қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ...