Кір тасын көтеруден рекордсмен Әбдуәли Тастанов жастармен кездесті

Бүгінгі мерекеге орай Талдықорғанда кір тасын көтеруден Қазақстанның рекордтар кітабына енген Әбдуәли Тастановтың жастармен кездесуі өтті.

Қол күрестен әлемнің екі дүркін, Азияның 11 мәрте жеңімпазы өткен аптада ғана көк байрағымызды аймақтағы ең биік Шаған тауының шыңына жаяу алып шыққан болатын. Спорт ардагерінің теңіз  деңгейінен 2500 метр биікке көтерілген сапары біздің арнамыздан көрсетілген еді. Әлемдік додаларда да еліміздің әнұранын асқақтатып жүрген қария  жастармен  жүздесуде ұлтжандылық, отаншылдық тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар облыс орталығында мектеп оқушылары арасында өткен «Отаным – алтын бесігім» атты байқау қорытындыланды. 200-ден астам бала қатысқан сайыстың үздіктері анықталып, жеңімпаздары марапатталды.   

Айша Ғалымжанқызы, байқау жеңімпазы:

- Мен жүлделі орын алып жатқанымен өте қуаныштымын. Мен Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін оқыған болатынмын. Мен барлығы үшін өте қуаныштымын және алғысым шексіз.