Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста қарсыласын нокаутқа түсірді

Бұл боксшының жетінші мәрте жеңісі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті. АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде ол американдық Хайнелл Уилермен қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Бек қарсыласын нокаутпен сұлатып түсірді. Осылайша Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жетінші рет жеңіске жетті.