«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

Футзалдан алматылық «Қайрат» Қазақстанның 19 дүркін чемпионы атағын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтық сында олар Рудныйдың «Аятымен» үш кездесу өткізіп, үшеуінде де басым түсті. Алғашқы ойында қарсыласын 4-те 2 есебімен жеңген еді. Екінші кездесуде «Аят» командасының қақпасына 7 гол соғып, бес доп айырмасымен алға шықты. Ал үшінші кездесу 4-те 2 есебімен аяқталды. Жалпы есепте Қайрат Рудныйдың «Аятын» 3:0 есебімен жеңді.