Ұлттар лигасы: Қазақстан және Словакия құрамалары жолығады

Негізгі ойыншы құрамадан шығып қалды. Бүгін футболдан жанкүйерлеріміз тағатсыздана күтіп жүрген матч өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан және Словакия құрамалары жолығады. Магомед Адиев баптайтын жігіттер шешуші матч алдында жарақат алып, команда қиындыққа тап болды.

Аслан Қаженов, тілші:

– Айта кету керек, ұлттық құрама Словакияға дейін жеті сағат ұшты. Соған қармастан, дайындықты пысықтап, бапқа келіп үлгерген. Өкінішке қарай, команда сапында капитан Асхат Тағыберген жоқ. Ол ми шайқалды деген диагнозбен ем қабылдап жатыр.

Тимур Досмағамбетов, Ұлттық құрама ойыншысы:

– Әрине Асхатқа қатысты жағдай командаға әсер етеді. Бірақ бізде оны алмастыра алатын ойыншылар жетерлік. Әсіресе соңғы кезде жас футболшылардың жасыл алаңға шығып, өз-өздерін дәлелдеуге жақсы мүмкіндік беріліп жатыр. Сондықтан алдағы матчта тәуір нәтиже көрсетуге тырысамыз.

Словакия құрамасында мықты ойыншылар көп. Әсіресе жартылай қорғаушы Мирослав Лабодка мен Петр Пекарик және «Интер» сапындағы Милан Шкринярлер аянып қалмасы анық. Алайда «ұлттық құрама оларға тегеурінді қарсылық көрсетеді» – деді бас бапкер. Магомед Адиев қарсыластардың әлеуетін толық сараптап, нақты жоспар құрғанын алға тарты.

Магомед Адиев, Ұлттық құраманың бас бапкері:

– Ашығын айту керек, Словакия біздің топтың фавориті саналады. Сәйкесінше, алдағы ойынға бар күшімізді саламыз. Үш күн бұрын ғана матчқа қатыстық. Сондықтан бірнеше футболшыны алмастыуға мәжбүрмін.

Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы бірнеше күн бұрын Әзербайжан командасын қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті. Соның арқасында өз тобының бірінші сатысында тұр. Жерлестеріміз осы он күннің үшінше қатырынан төрт матч өткізу керек.

Авторы: Аслан Қаженов