Хоккей: «Барыс» 13 ойыншымен қоштасты

Хоккей: «Барыс» 13 ойыншымен қоштасты
Prosports.kz.

ҚХЛ Орталық ақпараттық бюросы электронды база бойынша ойыншылардың ауысу кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» хоккей клубынан жеті шабуылшы кетті: Якоб Берглунд, Линден Вей, Кёртис Волк (Автомобилист), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко, Томаш Юрчо.

Бес қорғаушы клубпен қоштасты: Олле Альсинг (Лександ, Швеция) , Эрик Мартинссон (ХВ 71, Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов (Металлург, ОСА), Роман Савченко.

Және бір қақпашы: Йони Ортио (ХВ 71, Швеция).

Қазір командада 12 хоккейші қалды.