Теңге ілу және жамбы атудан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Елордада теңге ілу және жамбы ату ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Нәтижесінде теңге ілуден Түркістаннан келген шабандоз Сабыров Бәйдібек алтыннан алқа тақты. Ал жамбы атудан жамбылдық спортшы Тулыбеков Абзалдың мерейі үстем болды. Бүгін дәл осы спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы жарыс басталады. Жамбы ату жарысы корей, түрік және қазақ стильдерінде, ал теңге ілу ел чемпионаты 2021 жылы бекітілген жаңа ережеге сәйкес өтеді.

Айта кету керек, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар елордадағы Қазанат атшабарында 19 маусымға дейін жалғасады.