Футзалдан Испания чемпионаты: ширек финалда кімдер кездеседі?

Футзалдан Испания чемпионаты тұрақты кезеңінің қорытындысы бойынша плэй-офф кезеңінің алғашқы раундындағы жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ширек финалдағы жұптар (командалардың тұрақты чемпионаттағы орыны жазылған): 

«Рибера Наварра» (6) – «Пальма Футзал» (3)

«Эль-Посо» (8) – «Барса» (1)

«Картахена» (5) – «Вальдепеньяс» (4)

«Хаэн» (7) – «Интер Мовистар» (2) 

Ширек финал мен жартылай финалда командалар екі матч өткізеді. 

Алғашқы кезең 8 және 11 маусымда өтеді. Жартылай финал 15-18 маусымға жоспарланған.