Паратаеквондошылар әлемдік Гран-приде жүлделі орынға ие болды

Болгарияда паратаеквондодан «София-2022» Гран-при турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 85 спортшы қатысты.

Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі іріктеу жарыс болды. Турнирде ел намысын төрт спортшы қорғап, екі қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды csp-parasport.kz.

Ерлер арасындағы +80 келі салмақтағы бәсекеде Нышан Өмірәлі қола медальді жеңіп алды. Ол Жапония елінен келген таеквондошыны жеңіп, жартылай финалда Өзбекстан спортшысына есе жіберді. Ал әйелдер арасында 57 келі салмақта Кәмиля Досмалова жартылай финалда Түркия спортшысына жол беріп, қола медальға қол жеткізді.