loader

«Астана» велошабандозы үздік үштікте

«Астана» велошабандозы үздік үштікте

Италияда өткен «Адриатика-Ионика» көпкүндігі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес кезеңге созылған сайыс қорытындысы бойынша Вадим Пронский қолаға ие болды. Соңғы үш кезеңде оған AstanaQazaqstan Team үлкен қолдау көрсетті. Десе де Пронский қарсыластан басып оза алмады. Күпкіндік веложарыстың қорытындысы бойынша бірінші орын италиялық Филиппо Занаға бұйырды. Екінші орынды эритреялық Натнаэль Тесфацион иеленді.

ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕК ҚҰРАМАСЫН 2:0 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

Индонезия астанасы Джакартада жасыл алаңдағы хоккейден Азия чемпионатына ірктеу өтіп жатыр. Қазақстанның әйелдер құрамасы екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтады. Отандастарымыз алғашқы ойында индонезиялық спортшылардан айласын асырды. Екінші кездесуде Өзбек құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Джакартадағы іріктеу кезеңіне Гонконга, Шри-Ланки, Камбоджи и Сингапурдан келген спортшылар қатысады

ЛУКА МОДРИЧ «РЕАЛ МАДРИД» САПЫНДА ҚАЛАДЫ

Лука Модрич «Реал Мадрид» сапында қалады. Команда басшылығы онымен арадағы келісімді келер жылдың 30 маусымына дейін созды. Хорватиялық ойыншы биылғы маусымда корольдік клуб сапында 45 ойынға қатысты. үш гол салды, 12 нәтижелі пас шығарды. Модрич реалдың құрамына 2012 жылы ағылшынның Тоттенхэм командасынан 35 миллион еуроға ауысты. Содан бері Ла Лигада үш рет жеңіс тұғырына шықты. Испания кубогын иеленді және Испания суперкубогының төрт дүркін, чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы атанды.

 

 

Сондай-ақ...