Бокстан Қазақстан командасы астанада өтетін бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады

Бокстан Қазақстан командасы Нұр-Сұлтанда өтетін бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бірлескен дайындықты Қытай, Жапония, Қырғызстан және Қазақстан командалары өткізеді. Жиын соңында елордада бокстан халықаралық турнир басталады, онда әлемнің 10 құрама командасы бақ сынайды. 

Оқу-жаттығу жиыны 14-28 маусым аралығында өтеді.