Ұлттар лигасы: Қазақстан-Беларусь – 1:1

Футболдан Қазақстан мен Беларусь арасындағы ойын тең аяқталды. Ұлттар лигасының матчы Сербияның Нови-Сад қаласында өтті. Есепті біздің құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов ашты. 13-минутта ол бірінші голды соғып, Қазақстанды алға шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан ұзақ уақыт бойы алда болған еді. Алайда құрама өз қақпасын соңына дейін қорғай алмады. 84-минутта Беларусь командасының ойыншысы Владислав Малькевич гол соқты. Осылайша, кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Біздің құрама ұлттар лигасындағы үшінші мүмкіндікті қолдан шығарып алды, бірақ үш матчта жеті ұпай жинап, С дивизионында 3-топтың көшбасшысы болып қалды. Келесі матч 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Словакияға қарсы өтеді.