Нокаут: Шавкат Рахмоновтың қарындасы түркиялық Илькнур Куртты жеңді

Шавкат Рахмоновтың қарындасы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова спорттық карьреасында қатарынан үшінші айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы төрінде өткен Naiza 40 турнирінде Сораның түркиялық Илькнур Куртпен октагонда жолы түйісті. Тартысты жекпе-жек бірінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды.