Қазақстан-Словакия кездесуінде қазылық ететін төрешілер құрамы белгілі болды

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші турындағы Қазақстан-Словакия кездесуінде қазылық ететін төрешілер құрамы белгілі болды.

Кездесуде бельгиялық Брамом ван Дриске бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Ромен Девийерс пен Кевин Монтени көмекшілік жасайды.

Қосалқы төреші де белгиялық Жонатан Лардо. Сондай-ақ, төрешінің видео жөнінен көмекшісі нидерландылық Ингмар Оустром. Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия. Алғашқы үш турдан кейін 7 ұпай жинаған Қазақстан бірінші орында келеді. Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең түсті.

Қазақстан-Словакия кездесуі елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.