БАҚ: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан – Словакия кездесуіне қатысуы мүмкін

Словакия футбол одағының сайты Ұлттар лигасында Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы алдағы ойынның қызықты мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24» Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алаң иелері психологиялық қадам жасады. «Қазақстандық скртел» атанған Юрий Логвиненко бұған дейін жарақатына байланысты алаңға шықпаған, бірақ жексенбі күні командаға қосылды. Қазақстандық футбол сарапшысы Михал Хиппаның айтуынша, ол ойнамауы мүмкін, бірақ бапкер Әдиевке көмек қолын соза алады.

Сондай-ақ ол отандық журналистерден матчқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуы мүмкін деген ақпарат алғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстан С3 тобында жеті ұпаймен көш бастап тұр, ал Словакия алты ұпаймен екінші орында тұр.