Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты: ел қоржынына екінші медаль түсті

Леонда (Мексика) өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші сайыс күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Омаров қола медаль еншіледі, ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 224 (100+124 кг) келіні еңсерді.

Бұл салмақта үндістандық Гурунайду Санапатхи 230 (124+126) келіні көтеріп, әлем чемпионы атанды. Сауд Арабиясының өкілі Әли Маджиду 229 (105+124) кг көрсеткішімен күміс медаль алды.

Бұған дейін қазақстандық Александра Беленко 40 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген еді.