Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО) орта салмақта WBO International титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейірімнің аргентиналық Себастьян Папескимен (18-4, 6 КО) жекпе-жегі Ақтаудағы бокс кешінің басты айқасы болды.

Он раундқа есептелген кездесу бесіншісінде аяқталды - қазақ боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Осылайша, Нұрсұлтанов кәсіпқойда 17 айқасының бәрінде жеңіске жетіп отыр (10 нокаут). Папески болса, карьерасында төртінші рет жеңілді.