Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында топ жарды

Ерасыл Сәулебеков ауыр атлетикадан Мексикада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 67 келіге дейінгі салмағында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәулебеков екі жаттығу қорытындысы бойынша 281 (123+158) келіні еңсерді. Ал екінші орынды Алааддин Саин (Түркия) иеленді – 278 (121+157). Үздік үштікті польшалық Бартош Бурски түйіндеді – 269 (116+153).