Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Қазақстандық Едіге Емберді дүниежүзілік додада ең жоғарғы нәтижені тіркеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер арасындадағы бәсеке Мексикада өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 73 келіге дейінгілер арасындағы сындар өтті. Ел намысын қорғаған Едіге жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Бұл әлемдік рекорд саналады. Осылайша қоссайыс қорытындысы бойынша 17 жастағы жерлесіміз 306 келіні көтеріп, бірінші орын алды. Одан кейін Өзбекстан спортшысы Диорбек Эрматов жайғасты. Үздік үштікті канадалық Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.

Айта кетейік, Едіге ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салып отыр. Бұған дейін Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алған болатын. Ал 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Омаров қола медаль еншіледіСондай-ақ Ерасыл Сәулебеков ауыр атлетикадан Мексикада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Әлем чемпионаты 19 маусымға дейін жалғасады.