Қазақстандық таеквондошылар Сауд Арабиясымен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр

Сауд Арабиясының сегіз таеквондошысы Азия чемпионаты алдында шеберліктерін шыңдау үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Қазір олар Қазақстан ұлттық құрамасымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, сары құрлық додасы маусымның 24-27-сі аралығында Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтеді. Азия біріншілігінде елімізден 12 таеквондошы бақ сынамақ.