«Астана» велоспортшысы Фабио Феллине Словенияда үздік ондыққа енді

«Астана» шабандозы алдыңғы ондықта. Словенияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы кезеңі 165 шақырымға созылды. Оны бірінші болып польшалық Рафал Майка бағындырды. Уақыт көрсеткіші 4 сағат 2 минут 10 секунд. Екінші және үшінші сатыларға жергілікті спортшылар  Домен Новак пен Тадей Погачар жайғасты. Ал «Астана» командасынан ең тәуір көрсеткішке Фабио Феллине қол жеткізді. Ол жеңімпаздан 48 секундқа  қалып, мәре сызығын 10-шы болып кесті. Алда әлі 4 кезең бар. Спортшылар осы аралықта 791 шақырымды бағындыруы керек. «Словения турының» жалпы қорытындысы 20 маусымда белгілі болады.