Қазақстанның дзюдо құрамасы Ұлан-Баторда Grand Slam турниріне қатысады

Ұлан-Баторда өтетін Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімді Халықаралық дзюдо федерациясы жариялады.

Қазақстан атынан жарысқа 13 ер спортшы және 7 әйел спортшы қатысады.

Ерлер:

Бауржан Нарбаев (60 кг),

Қанат Сейілхан (60 кг),

Елдос Сметов (66 кг),

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг),

Ерлан Серікжанов (73 кг),

Аңсарбек Гайнуллин (73 кг),

Бекәділ Шаймерденов (81 кг),

Абылайхан Жұбаназар (81 кг),

Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг),

Дидар Хамза (90 кг),

Нұрлыхан Шерхан (-100 кг),

Ислам Бозбаев (-100 кг),

Әділ Оразбаев (+100 кг).

Әйелдер:

Абиба Абужакинова (48 кг),

Самалай Ергалиева (63 кг),

Зере Бектасқызы (70 кг),

Екатерина Токарева (70 кг),

Аруна Жангелдина (-78 кг),

Назгүл Маратова (+78 кг),

Камила Берликаш (+ 78 кг).

Айта кетейік, жарыс 24 маусымда басталады.