Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын 16 қала анықталды

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын 16 қаланы атады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Матчтар мына қалаларда өтеді: Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк немесе Нью-Джерси, Филадельфия, Сан-Франциско мен Сиэтл (барлығы - АҚШ), Гвадалахара, Мехико және Монтеррей (барлығы - Мексика), Торонто мен Ванкувер (Канада).

2026 жылғы әлем біріншілігі алғаш рет үш елде ұйымдастырылмақ – Мексика, АҚШ және Канаде. Сонымен қатар тұңғыш рет доп додасына 48 команда қатысады.