Анна Данилина мансабындағы 26-титулын жеңіп алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosport.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге финалда Лу Цзя Цинь (Қытай)/Ю Сяодимен (Жапония) ойнады.

Қазақстандық-ресейлік жұп екі сетке созылған тартысты матчта 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ...