Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 14-туры өтеді

Бүгін, 19 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он төртінші туры өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Он төртінші тур ойындарының барлығы бір күнге белгіленген.

Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде Қостанайдың «Тобыл» және Ақтаудың «Каспий» командалары арасындағы кездесуді атайды. Өткен жылғы ел чемпионы - «Тобыл» қазір турнир кестесінде бесінші орында тұрса, ақтаулық клуб көш басында келеді.

Аталған кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады. Сондай-ақ он төртінші турда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тараз», «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Атырау» мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Ақжайық» (Орал), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) клубтары кездеседі.