Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық жарыста қоржынға үш алтын салды

Қазақстандық жеңіл атлеттер Бішкекте өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиада чемпионы Татьяна Колпакова жүлдесіне арналған турнирде ALTAY ATHLETICS өкілдері үш алтын жүлдені жеңіп алды.

Кристина Овчинникова 1,93 метрге секіріп, алтын алса, найза лақтыруда Артур Гафнер қарсылас шақ келтірмеді. Андрей Лаврушенко жүз метрді 10,83 секундта секіріп, үшінші алтын жүлдеге ие болды.