Ауыр атлеттеріміз әлем үздігі атанды

Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода биыл Мексиканың Лион қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлестеріміз бас-аяғы 7 медаль жеңіп алды. Оның 4-еуі алтын. Бұған қоса, 1 күміс пен 2 қола бар. Осының арқасында жалпы есепте топ бастады. Әсіресе ұлттық құрамадағы Едіге Емберді қоссайыс қорытындысы бойынша 306 келіні басынан асырып, әлем рекордын жаңартты. Бұған қоса, Едіге 17 жасқа дейінгілер арасында ең үздік спортшы атанды. Елордалық атлетті әуежайдан туыстары, достары және жанкүйерлері күтіп алды. Едігенің өзі жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайтынын алға тартады. Алда тағы айтулы аламандар бар. Енді соған дайындықты бастаймын дейді. 

ЖЕРЛЕСТЕР ЖАРЫСТЫ СӘТТІ БАСТАДЫ

Бублик жарысты сәтті бастады. Дәл қазір Ұлыбританияның Истбурн қаласында кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының кезекті турнирі өтіп жатыр. Бұл сында қазақстандық Александр Бублик өнер көрсетуде. Ол алғашқы айналымда америкалық Фрэнсис Тиафомен жолығып, жеңіске жетті. Кездесудің өзі 1 сағат 52 минутқа созылды. Қорытынды есеп: 7:5, 6:7 және 0:6. Енді Александр екінші айналымда австралиялы Джон Милманмен ойнайды. Ал әйелдер арасында қазақстандық Юлия Путинцева испаниялық Сара Соррибес-Тормоны айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 7:5, 6:1. Оның келесі қарсыласы әзірге белгісіз. Бұған қоса, жұптық сында тағы бір қазақстандық Александр Недовесов та жарысты жеңіспен жастады. Ол пәкістандық жұбымен келесі, яғни, екінші айналымға жолдама алды.  

«БАРЫС» ХОККЕЙШІСІ 420 МЛН ТЕҢГЕ АЛАДЫ

Жылына 470, ал, айына 39 млн теңге. Елордалық «Барыс» канадалық Линден Веймен келісімді тағы бір жылға ұзартады. Оған сәйкес, канадалық хоккейшінің жалақысы 55-60 млн рубльді құрайды. Қазіргі валюта бағамымен жылына 470, ал, айына 39 млн теңгеден келеді. Бұл жөнінде рейсейлік және қазақстандық спорт порталдары жарыса жариялап жатыр. Осының арқасында Линден Вей «Барыс» сапындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншыға айналмақ. Қос тарап арасындағы келісім жақын күндері жасалады, дейді дереккөз.

Айта кетейік, жуырды қазақстандық Никита Михийлистің де жалақысына қатысты ақпарат шығып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 27 жастағы ойыншы «Барыс» сапында жылына 386 млн теңге алады. Яғни айлығы шамамен 32 млн теңге деген сөз. Бірақ елордалық клуб бұл мәліметтерді растаған да жоқ, терістке шығарған да жоқ.