Рината Сұлтанова Азия чемпионатының жүлдегері атанды – велоспорт

Бұл – тарихи жетістік. Отандық велоспортта мұндай жетістік алғаш тіркеліп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсеке Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатыр. Жерлесіміз іріктеу сындарынан сүрінбей өтіп, шешуші бәсекеде үшінші орынға тұрақтады. Осының арқасында Рината әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығына кіре алады. Сәйкесінше, алдағы Париж олимпиадасына жолдама алу мүмкіндігі жоғарылады деген сөз. Бұған қоса, ұлттық құрама қоржынында тағы 2 күміс бар. Оны Елизавета Гринберг пен Артем Захаров жеңіп алды. Ал велотректің «гит» түрінде қазақстандық Кирилл Курдиди алдына жан салмады. Ол мың метр аралықты 1 минут 2 секундта бағындырды. Сонымен үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бас-аяғы 8 медаль жеңіп алды. Құрлықтық дода маусымның 23-іне дейін жалғасады.

 

Сондай-ақ...