Футзал: Қазақстан чемпионатының үздіктер командасы жарияланды

«Футзал Қазақстан» Instagram парақшасы 2021/2022 жылғы маусымдағы футзалдан Қазақстан чемпионатының үздіктер командасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздіктер құрамасын жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтады. 

Бастапқы бестік: қақпашы – Игита (АФК «Қайрат», 133 дауыс), алаңдағы ойыншылар – Арнольд Кнауб («Каспий», 47 дауыс), Біржан Оразов (АФК «Қайрат», 57 дауыс), Тьяго Кабеса («Каспий», 76 дауыс), Дәурен Тұрсағұлов (АФК «Қайрат», 68 дауыс).

Қосалқы құрам: қақпашы – Ақжол Қайратұлы («Каспий»), Данил Карпюк («Аят»), Альберт Ақбалықов (АФК «Қайрат»), Эдсон (АФК «Қайрат»), Нұрабек Қабылбаев («Каспий»).