Головкин мен «Канело» жекпе-жегі қай жерде өтетіні анықталды

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.

Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл сол аренада өткенін айта кеткен жөн. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.