Елордадағы тарихи стадион сүріледі

Елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион сүріледі, деп хабарлайды «Хабар 24» Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін қала билігі нысанды толықтай қайта жөндемек болған, алайда техникалық тексеріс ғимарат мұндай қысымға төтеп бере алмауы мүмкін екендігін көрсеткен.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың мәліметінше, стадионды сүріп, оның орнына жаңасын салу әлдеқайда арзан түседі.

БАҚ өкілдері жаңа стадионның УЕФА-ның үшінші деңгейіне сәйкес болатынын және қолданысқа 2024 жылы берілетінін хабарлады.

Ескі арена 1936 жылы салынып, жөндеу жұмыстары 1998 жылы жүргізілген. Көп жылдар бойы арена «Жеңіс» клубының стадионы болып келді.