Қазақстандық спортшы құрлықтық додада финалға шығып, жүлдесіз қалды

Қазақстандық Асхаб Хаджиев лас әрекеті үшін жарыстан шеттелтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен құрлықтық дода өтіп жатыр. 17 жасқа дейінгілер бәсекесінде қазақстандық Асхаб Хаджиев барлық қарсыласын ұтып, шешуші сында үндістандық Парвиндер Сингхпен жолыққан. Парвиндер айқын басымдық танытып, жекпе-жек соңына дейін 5 ұпай жинап үлгерді. Кездесудің аяқталуына бірер секунд қалғанда жерлесіміз ашуға булығып, күресті төбелеске айналдырды. Нәтижесінде төреші оны жарыстан толық шеттетті. Енді оның бозкілемге қашан оралатыны белгісіз. Белгілісі алдағы әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл жөнінде ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков мәлімдеді.

Бұған қоса, Асхабтың кесірінен Қазақстан күрес федерациясы да енді үлкен көлемдегі айыппұл арқалауы мүмкін. 

Айта кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.

ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛШЫЛАР УЕФА РЕЙТИНГІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ЖҮЗДІГІНЕ КІРДІ

Жаңартылған тізімнен 3 жерлесіміздің кездестіруге болады. Оның бірі – Нұралы Әліп. Санкт-Петерборлық «Зенит» сапында доп тебетін Нұралы 53-сатыға жайғасты. Қостанайлық «Тобыл» ойыншысы Сергей Малый 80-орынға тұрақтады.

Бұған қоса, қарағандылық «Шахтер» қақапашысы Игорь Шацкий 13 саты төмен, яғни, 93-ші болып тұр. Аталған футболшылар ұлттық құрамада өнер көрсететі. Олар жуырда ғана Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 4 мачтың 3-еуінде жеңіске жетті. Қалған 1 матч тең аяталды. Соның арқасында 10 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына көтерілді.  Спорт сарапшылары бұны тарихи жетістік деп бағалап жатыр.

ЗАРИНА ДИАС КҮТПЕГЕН МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Зарина Диас алдағы байрақты бәсекелерге қатыспайды. Қазақстандық теннисші жарақатына байланысты кәсіпқой спортпен қош айтысуға мәжбүр. Бұл жөнінде спортшының өзі мәлімдеді. Бірақ бұл шектеу уақытша ғана дейді. «Бұл мен үшін ауыр жағдай. Бірақ осыған көндігіп, денсаулығымды қалыпқа келтіру керек. Сөйтіп 2023 жылы кортқа тың күшпен оралуға тырысам деді теннисші. Ол, әсіресе, Уимблдон және басқа да айтулы турнирлерде өнер көрсетпейтініне өкініш білдірген.

Айта кетейік, Зарина денсаулығындағы ақауға қарамастан, кейбір бәсекелерге қатысып жүрді. Соның арқасында әйелдер теннисі қауымдастығының соңғы  рейтингінде бірер саты жоғарылап, әлемдік тізімнің 112-сатысына жайғасқан болатын.

Сондай-ақ...