loader

23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні Оlympic.kz

23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні

1984 жылдың 23 маусымынан бастап бұл күні бүкіл әлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтуде, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Олимпиада күнінде халықаралық, республикалық, тіпті аймақтық дәрежеде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, Олимпиадалық құндылықтар насихатталады. 

Бұл мереке Олимпиадалық қозғалыстың өзі сияқты, шекараға қарамастан барлығын біріктіреді. Олимпиадалық қозғалыстың ең жоғары құндылығы – адам. Негізгі ұстанымдары – достық, өзара түсіністік, ынтымақтастық. Бұл дата Олимпиадалық қозғалыстың қазір біз білетіндей қайта дүниеге келгенін еске салады.

Бүгінде әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, тіпті қатысушысы болуды армандайды. Олимпиада чемпиондары – кез келген елдің спорттық жетістігі. Бейбітшілікті одан әрі насихаттау үшін спорт арқылы жастарды өзара түсіністік рухында тәрбиелеу Олимпиадалық қозғалыстың мақсаты болып табылады.

 

Сондай-ақ...