Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербиядағы Прокупле ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші үндістандық Пратхан Тхомбаремен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Дарья Лодикова – германиялық Луиза Мейер-Хайдемен өткізді. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева мен П.Тхомбаре 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін сербиялықтар Ивана Йорович – Деяна Радановичпен таласады. Жекелей сында Жібек алғашқы айналымда испаниялық Лейра Ромероға есе жіберді – 3:6, 1:6.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Истборн WTA 500 жарысының үшінші айналымында рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған украиналық Ангелина Калининадан ұтылып қалды – 3:6, 6:2, 3:6. Сөйтіп ширек финалға шыға алмады.