Қазақстандық теннисші Миландағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Милан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші украиналық Владислав Манафовпен бірге ширек финалда ресейлік Алексей Ватутин - аустриялық Тристан-Самюэль Вейссборн жұбымен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-украиналық жұп 7:6 (7:4), 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жетті.