Қазақстандық спортшы дзюдодан Grand Slam турнирінде жүлдегер атанды

Дзюдодан Ұлан-Батырдағы Grand Slam халықаралық турнирінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы жүлделер сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова қола медаль үшін белдесуде Ресей өкілі Сабина Гилязованы жеңді.

Ресейлік спортшы қауіпті әдіс жасап, Әбужақынованы жарақаттауы мүмкін еді, сондықтан ол жарыстан шеттетілді. 

Осылайша, Абиба Әбужақынова қола иегері атанды.

Сондай-ақ...