Жеті жасар Малика шахматтан әлем чемпионы атанды

Малика Зиядин өзінің алғашқы баспасөз-мәслихатында журналистерге осылай батыл жауап берді. Талабыңа нұр жаусын дейміз. Ол шахматтан халықаралық жарыс өткен Панамадан жуырда ғана оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа Маликаның жасындағы 36 бала қатысты. Олардың әрқайсысы 9 партиядан ойнады. Малика ең көп 9 ұпайға ие болды. Ол Моңғолия мен АҚШ-тан келген қарсыластарын оңай жеңді. Осылайша ұлдар және қыздар арасында чемпион атанды.

Ерлан Усманов, Малика Зиядиннің әкесі:

- Қуаныш соншама, қуаныш оны айтып жеткізу қиын. Аэропртта кездескенде мен өзімді ұстай алмай қалдым. Бұл чемпиондық балаларға қазақстандыққа барлық балаларына жұғысты болсын. Әр салада  тек қана шахмат емес, үйірмеге қатыса ма, спортқа  қатыса ма әркім өз саласында чемпион болсын.

Малика Зиядин, шахматтан әлем чемпионы:

- Қазақстан чемпионы атансам деген арманым болды. Тақтада ферзь болмаса да берілмеу қажет. Ал қарсыласың ферьзінен айырылып қалса да асықпай, ойланып жүрген дұрыс. Ойын кезінде менің барлық назарым тақтада болады. Жеңіске деген сеніммен келемін.

Кішкентай шахматшы 4 жасынан бастап Жансая Әбдімәліктің мектебіне барады. Оның жаттықтырушысы Маликаны өте еңбекқор дейді. Жеңіске деген жігері де күшті. 

Александр Кашашвили, жаттықтырушы:

- Шахмат үйірмесіне алғаш келгеннен бастап жеңіске деген құлшынысын байқадым. Ол қарсыластарынан қорықпайды. Мен және өзге де жаттықтырушылар оның осы қасиетін шыңдауға тырыстық.

Малика бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Болашақта жаңа белестерді бағындыруды жоспарлап отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Индира Оразилинова, Эдуард Кон