loader

Головкин «Канеломен» жекпе-жегі алдында көз арбасты gggboxing

Головкин «Канеломен» жекпе-жегі алдында көз арбасты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес үшінші жекпе-жегі алдындағы баспасөз конференциясында көз арбасты.

Бұл туралы қазақстандық боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Артық ештеңесі жоқ, бұл мен үшін тек ғана спорт», - деді Головкин.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болады. Олардың бұған дейінгі соңғы екі кездесуі де дәл сол жерде өтті. Әлемдік жекпе-жектің біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді. Бірақ кейін көптеген сарапшылар бұл нәтижені әділетсіз деп санады.

Сондай-ақ...