Таеквондошы Рита Бакишева Кореяда қола жүлдегер атанды

Қазақстандық Рита Бакишева Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Чхунчхон қаласында өтіп жатқан жарысқа әлемнің 33 елінен 229 спортшы келді. Еліміздің намысын 15 таеквондошы қорғайды. Әзірге біздің құраманың қоржынында бір қола бар. Қазақстандық Рита Бәкішева 46 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол Кувейт өкілін 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өткен еді. Алайда Таиланд спортшысына есе жіберді. 17 жастағы Рита Бәкішева Алматы тумасы. 9 жасынан бері таеквондомен айналысады. Бұл оның ересектер арасындағы бәсекеде алған алғашқы медалі.

Рита Бакишева, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

- Басқа чемпионаттарда 2017 жылы Азия чемпионатында, әлем чемпионатында. Азияда күміс жүлдегер. Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанғанмын. Ересектер арасында осы ең алғашқы ең бірінші үлкен жарыстарымның бірі. Соңғы жарыста шыққан кездесуым Таиланд қызымен шықтым. Есеппен бірге келе жатқанбыз. Кішкене соңғы жағында тәжірибе жетпеді деп айтсам болады.

Сондай-ақ...