25 маусымда футболдан ел біріншілігінің 15-туры өтеді

Бүгін, 25 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он бесінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Он бесінші тур ойындары 25 және 26 маусым күндеріне белгіленген. 25 маусымда екі, 26 маусымда бес ойын өткізіледі.

25 маусымда 19:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Ордабасы» (Шымкент) кездессе, 21:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Шахтёр» (Қарағанды) шеберлік байқасады.

Ал 26 маусымда 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай), 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Тұран» (Түркістан) ойнаса, «Тараз» бен «Қайрат» (Алматы) ойнаса, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Атырау» командалары кездеседі.