Елордада волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир басталды

Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Абай, Ақмола, Жетісу, Түркістан, Ұлытау облыстарынан, сондай-ақ көршілес Өзбекстаннан командалар келіп қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Доп додасы «Сары-арқа» клубының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Айта кету керек, аталмыш клубтың негізін бас қалаға алғаш қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер қалаған еді. Енді іргелі ұжым ширек ғасыр өмір сүріп, түрлі турнирлердің қатысушысы болып отыр. Оған қоса, осы тартымды спорт пен белсенді өмір салтының насихаттаушысына айналған.