Дидар Хамза Моңғолиядағы Grand Slam турнирінде қола жүлде ұтты

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Ұлан-Батырда дзюдодан «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші белдесуде оның қарсыласы ресейлік Мансур Лорсанов болды. Ресейлік дзюдошы бірнеше ескерту алып, автомат түрде жеңіліс тапты.