Футболдан сенсациялық нәтижеге толы тур өтті

Сенсацияға толы тур. Футболдан жоғары лига командалары арасындағы ішкі біріншілік жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең тарысты матчардың бірі Ақтөбеде болды. Жергілікті клуб өз алаңында «Астананы» қабылдап, 4:1 есебімен ұтты. Алғашқы гол 18-ші минутта соғылды. Франциялық легионер Уго Видемон есеп ашса, артынша бразилиялық легионер Сантос Алвес нәтижені еселеді. Бұған қоса, Әлібек Қасым мен Максим Самородов та мергендігімен көзге түсті. «Астана» сапынан Аслан Дарабаев қана қарымта бір голдың авторы атанды.

Айта кету керек, Ақтөбедегі матчқа 13 мың адам жиналып, стадионда ине шаншыр орын болмады. Тағы бір күтпеген нәтиже, Каспий мен Тұран арасындағы матч та тіркелді. Ақтау қаласындағы ойында қонақтар 2:0 есебмен ұтты. «Тұран» сапынан Санжар Сатанов пен Нұрлыбек Аязбаев мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Айта кетейік, Тұран қазір турнир тізімінің төменгі сатыларында. Ал Каспий осы жеңілістің кесірінен 5-ші орыға төмендеді. Топ басында «Астана» келеді және екінші орында тұрған «Тобылмен» ұпай көрсеткіштері бірдей. Сонымен қатар үздік үштікті түйіндеген «Ақтөбенің» мүмкіндігі зор. Өйткені басқа командаларға қарағанда 1 кездесу кем өткізді.