БАҚ қызметкерлері арасында жарыс басталды

Бай-қуатты болайық. Дәл осындай атаумен волейболдан БАҚ қызметкерлері арасында лига өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналды. Оған бас-аяғы 12 команда жиналып, 2 топта өзара мықтыны анықтап жатыр. Іріктеу кезеңі бірнеше аптаға созылады. Нәтижесінде плей-оффқа  4 команда жолдама алады. Ал жарыстың жалпы қорытындысы шілденің соңында белгілі болады.

Айта кету керек, велейбол лигасы осымен 3-мәрте ұйымдастырылып тұр. Алдыңғы додаларға 8 команда қатысқан еді. Араларында «Хабар» Агенттігінің қыз-жігіттері де бар. Олар соңғы маусымда финалға дейін жетіп, шешуші сында қарсыластарына есе жіберді.